ШАҢЫРАҚ СӘНІ - СЫЙЛАСТЫҚ
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ене мен келін арасындағы қарым-қатынасын нығайту мақсатында «Шаңырақ сәні-сыйластық» атты аудандық байқау өткізілді.
«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен Телікөл ауылдық округінде өткен байқауға кент және ауылдық округтерден 10 отбасы қатысып, ене мен келіннен құралған отбасылар «Таныстыру», «Сыр сандық», «Өнерлінің өрісі кең», «Шебердің қолы ортақ» кезеңдері бойынша сайысқа түсті.
Байқау нәтижесі бойынша бас жүлде Сыздықовтар отбасы (Бәйгеқұм ауылдық округі), І орын Сәрсенбаевтар отбасы (Тартоғай ауылдық округі), ІІ орын Отаровтар отбасы (Керделі ауылдық округі) және Кенжеалиевтер отбасы (Телікөл ауылдық округі), ІІІ орын Қалкөзовтер отбасы (Жиделіарық ауылдық округі) және Жәлімбетовтер отбасы (Сұлутөбе ауылдық округі) иеленіп, барлық қатысушыларға алғыс хат пен арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Маханбет байқауда шеберліктерін танытып, жақсы өнер көрсеткен отбасылар мүшелеріне «Ибалы келін - мейірімді ене», «Өнегелі отбасы» және «Көрермен көзайымы» номинацияларын тапсырып, бағалы сыйлықтарымен марапаттады.