«ҚЫС-2017» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ДАЙЫНДЫҒЫ ӨТТІ

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков оқу-жаттығу шарасына қатысушыларға арнайы әзірленген тапсырмалар беріп, дайындық деңгейін бақылады.
Мұнан соң, аудандағы су тасқыны кезінде су алу қауіпі бар Аманөткел ауылының дайындық барысы пысықталды. Белгілі болғандай, елді мекенде 1эвакуациялық жинақтау пункіті жұмыс жасайды. Төтенше жағдай орын алған жағдайда қажетті техникаларға 3 тонна дизель және 2 тонна жанармай қоры жасақталып, қауіпті тұстарды топырақпен нығайту жұмыстарына 12 мың дана қап, 1500 дана пашын, 2500 дана қамыс қорлары жинақталып, азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да қорлармен қамтамасыз етуге келісім жасалды.
Биыл төтенше жағдайлардың алдын алуға жергілікті бюджеттен 39 121,0 мың теңге қаржы қаралып отыр.
