СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы, аудандық ішкі саясат бөлімі жəне «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі емес ағымдардың алдын алу» тақырыбында Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының маманы Е.Мұхтаров, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Шиелі аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Қ. Кеңесбеков қатысты.
Шара барысында экстремистік сайттардың зияны, ғаламторды пайдаланудың тәртібі жайында айтылды.