СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ҚЫСҚА ДАЙЫН

Қазіргі таңда, қатты және сұйық отындарды қоймалардың сыйымдылығына байланысты жеткізілуде. Дәл қазір қоймада 348 тонна сұйық , 1187 тонна қатты отын бар.
Ауданға қарасты әлеуметтік нысандардың жылу жүйесін жөндеу, бу қазандықтарын ауыстыру және жөндеу жұмыстары мерзімінде жүргізіліп, жылу беру маусымына толық әзірленді.
Жылу беру маусымы бойынша барлық қазандықтар жоспарға сәйкес іске қосылып, аудан әкімдігінің бақылауында тұр.