ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР «НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастайтын жол» атты жаңа экономикалық саясатқа бағдарланған Жолдауын жария еткен болатын. Осыған орай, бүгін Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің мәжіліс залында ІІД бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменовтің төрағалық етуімен және барлық жеке құрамның қатысуымен Жолдауды талқылауға арналған жиын болып өтті.
Жиынды полиция полковнигі Ж.Сүлейменов ашып, 11 қарашада жария еткен Жолдауының өзегі «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясатқа негізделетінін айта келіп, бұл тарихи жолдаудың халық үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттің 2017 жылға дейінгі даму бағытын айқындап және Үкіметке қазақстандықтардың көкейтесті проблемаларын шешуде 14 нақты тапсырма бергенін, Әлеуметтік саланы дамыту жөнінде 11 инновациялық идея айтылып, елдің инфрақұрылымдық дамуының 7 қағидатты жаңа идеясы қамтылғанын сөз етті. Сондай-ақ, елдің экономикалық тұрақтылығы сыбайлас жемқорлықпен күрес арқылы айқындалатынын ескертіп, бұл бағытта Ел Президенті нақты тапсырмалар бергенін, сыбайлас жемқорлықпен күрес қарқынды түрде жүргізіліп, халықтың қазынасына ешкімнің көзі түспеуі керек деп баса көрсеткендігін жеткізді. Бұдан бөлек, Жолдаудың тағы бір артықшылығы – қолжетімді баспанамен қамтуда алдын ала төлемсіз 1-2 пайыздық мөлшермен баспаналы болуға жағдай жасау мәселесі көтерілгенін, әлеуметтік-экономикалық ахуалын тұрақтандыру, жұмыссыздықты болдырмау бағытында нақтыланған іс-әрекеттер жасалу керек деп нақты тапсырма жүктегенін айта келіп, «бұл Жолдаудың - азаматтардың баспаналы болуында, жаңа жұмыс орындарының ашылуында маңызы зор болмақ»,- деп ойын түйіндеді.
Жиын соңында Қызылорда ОІІД бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов: «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған негізгі бағыттарды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді сарп етіп, аянбай жұмыс жасауымыз қажет. Бұл біздің ортақ парызымыз, басты мақсатымыз», - дей келіп, барлық басқарма бастықтарына Жолдауды оқып, жеке құрамға таныстыру бағытында нақты жұмыстар атқару керек деп қатаң тапсырмалар берді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі