ДЕСТРУКТИВТІК ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Облыстық білім басқармасының бекіткен жоспарына сәйкес облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» Арал аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен қаладағы индустралды-техникалық колледжі мен көпсалалы техникалық колледж студенттері арасында «Деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Шарада жастарға 2013-2017 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарлама аясында дінаралық татулықты нығайту және мемлекетіміздің дін саласындағы саясаты, дәстүрлі емес жат ағымдардың белгілері мен зияны жайлы түсініктеме берілді.
«Дін мәселелерін зерттеу орталығының» Арал аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Е.Молдабаев, "Арал аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ директоры Ә.Ізбасаров, аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Ә.Мырзағазиев тақырып аясында хабарлама жасады.
Шара барысында тақырыпқа орай бейнероликтер және слайдтар көрсетілді. Жастар тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныс пікірлер айтылды.