ЛИЦЕЙ ОҚУШЫЛАРЫ ТІГІН ФАБРИКАСЫНДА БОЛДЫ
№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында түрлі үйірме мүшелерін тәжірибе алаңына апару жолға қойылған.
Оқушылардың шеберліктерін шыңдауға септігі тиетін осы бастама аясында «Тігін» үйірмесінің жетекшісі С.Ибрашева оқушыларды «Dalatex» тігін фабрикасына апарды. Тігін фабрикасының директоры Ділмұхаммед Абизов оқушыларды қарсы алып, фабриканың жұмысымен таныстырды.
Тігін фабрикасының ашылғанына 1 жыл болыпты. Өндіріс орны басшысының айтуынша «Dalatex» өнімі елімізбен қатар Ресейге шығарылады. Фабриканың Алматы және Шымкент қалаларында филиалдары бар. Өндіріс орнында күніне 2000 дана жейде тігіледі.
Фабрикадағы жұмыс барысы оқушылардың ерекше қызығушылығын туғызды.
Олар өз ісіне аса жауапкершілікпен қараған мамандардың жұмысына ризашылықтарын білдірді.