ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАНДАР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА

Жыл басынан бері облыстағы жұмыспен қамту орталықтарына осы санаттағы 182 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Олардың 118-і пробация қызметінің есебіндегілер болса, 64-і жазасын өтеп шыққандар.
Жұмыспен қамту бойынша 101 (55,4%) адам - тұрақты жұмысқа орналасса, 24 (13,1%) азамат қоғамдық жұмысқа жолданған. Тіркелгендердің алтауы әлеуметтік жұмыс орындарына, 28-і кәсіби оқыту және қайта даярлауға жіберілген.