БАНКРОТТЫҚ РӘСІМДЕРДІ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кәсіпорынды банкрот деп тану рәсімін жеңілдету, жалпы оңалту және банкроттың рәсімдерді жетілдіру жөнінде маусымда өткен Астана экономикалық форумында Елбасы құзыретті органдарға тапсырма берген болатын.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті, оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган ретінде, тұжырымдамалық негіз шығарып, оңалту және банкроттық туралы қолданыстағы заңнамаға түзетулер әзірлеу үстінде.
Комитеттің ұйымдастырған кездесуіне республиканың барлық аумақтары бейнеконференс байланысы арқылы қосылды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар, оңалту және банкроттық туралы істерді қарастырудағы соттың тәжірибесінде орын алатын мәселелерді шешу жолдарын бірлесіп қарастырды.