СПОРТ – ӘЛЕМ ЖАРШЫСЫ

Сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінің мамандары ұйымдастырған шарада 40-тан аса сотталушы тоғызқұмалақ және дойбы ойындарынан сынға түсті.
Сайыстың тартысты әрі әділ өтуіне облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері Б.Мектепханұлы мен А.Кенжебекұлы төрелік етіп, үздік нәтиже көрсеткен жаза мерзімін өтеушілер арнайы сыйлықтармен марапатталды.