РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ
«Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбындағы оқу-жаттығу аясында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.
Оқу-жаттығуға аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің 12 жасағы, 197 жеке құрамы мен 55 техника қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев қызмет басшыларының дайындығын тыңдады.