ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 242 ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы аймақтағы құрылыс саласының заман талабына сай дамып, мемлекеттік қаражат есебінен салынатын нысандардың талапқа сай болуын қадағалайды.
Жыл басынан бері мемлекеттік пен жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу туралы 296 хабарлама түскен. Оның 168-і бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан құрылыс болса, 128-і жеке қаражатқа салынып жатқан нысандар.
Тоғыз ай ішінде басқарма 242 тексеру жүргізді. Тексерулер бойынша 51 нұсқама берілді.
Осы уақыт аралығында басқармамен 74 әкімшілік іс қарап, нәтижесі бойынша әкімшілік шара көрілді. Барлық салынған әкімшілік айыппұлдың (19127670 теңге) 11880075 теңгесі өндірілді.