САРАТС – 2 ЖОБАСЫНЫҢ АЯСЫНДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ
Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан САРАТС – 2 жобасының фазасы Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасына және Үкіметпен бекітілген ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық саясатының 2014 жылға арналған бірінші кеңезінің жұмыстары жол картасына енгізілді. Жобаның құны 23,2 млрд теңге. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов мәлімдеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өңірімізде САРАТС жобасының бірініші кезеңі қолға алынып ол сәтті аяқталды. Бар тірлігі теңізбен тығыз байланысты Арал өңірі халқының тынысын кеңейтуді ойлаған Елбасы нар тәуекел деп осындай қадамға барды. Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған жобаның алғашқы кезеңінде облыс аумағында кешенді жұмыстар жүзеге асырылды. Енді бүгінде Сыр елі халқы үшін маңызы зор бұл бірегей жобаның екінші кезеңін іске асыру жұмысы қолға алынды. Бұл маңызды жобаларды Бүкілдүниежүзілік Даму банкі мен ҚР Үкіметі қаржыландырып келеді.
«САРАТС - 2 жобасы 5 жылда яғни, 2015-2020 жылдар аралығында жүзеге асырылатын болады. Жобаның 85 пайызын қаржыландыруға Дүиежүзілік банк алдын ала келісім беріп отыр», - дейді Серік Салауатұлы.
Жобаның екінші кезеңі толықтай іске асқанда Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етіп, жаңадан 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Балық аулау көлемі 30 мың тоннаға артатын болады. Сонымен қатар, су айдынының алаңы елді мекендерге жетіп, теңіздің кеуіп қалған ұлтанынан ұшқан шаңды тұздар азайып, туризмді дамытуға жол ашылады.
Фариза ОМАРОВА