ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ТАЛҚЫЛАУ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫН БІРІКТІРДІ

Бәрі де бірте-бірте орындалады. Сондықтан, ортақ жұмысты бірлесіп, жұмыла шешкен оңай деген ойдамын. Мен өзім де екі тілді еркін меңгергем, ағылшын тілін де білемін. Бірақ әрбір Қазақстан елінің азаматы қазақ жерін басып жүрген соң, қазақ тілін білуге міндетті. Дегенмен Ата заңымыз бойынша екі тілді де қолдануға құқылы. Бірақ біздің арамызда өзі қазақ болып тұрып, қазақ тілінде сөйлей алмайтын адамдар бар.
Ал дәл осы латын әліпбиінің қолданысқа енуі – қазақ азаматтарымызға қазақ тілін үйренуге үлкен мүмкіндік.
Геннадий ШИПОВСКИХ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты.