ҮЕҰ МҮШЕЛЕРІ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

Бүгін осыған байланысты Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҮЕҰ жетекшілері мен қоғам белсенділері шараға белсене қатысуға шақырды.
«Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының төрағасы Ғ.Тұяқбаев, “Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы” қауымдастығының төрағасы А.Сунгур, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Ж. Тұсмағанбетов, блогер Е.Мұсаев қатысқан брифингте Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндет әркімге ортақ екендігі айтылды. Мәңгілік елдің еңсесін көтерген ел бірлігін нығайта түсетін акцияның баянды болуы барлығымызға байланысты екендігі сөз болды.
Брифингке қатысқандар Мемлекет басшысының «Патриотизм - кіндік қаның тамған жеріңе, өскен аулыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» дегенін негізге ала отырып Үндеу жариялады.