МОБИЛЬДІ ТОП МҮШЕЛЕРІ ҚАЗАЛЫДА БОЛДЫ

Кездесу барысында А.Мұхимовпен бүгінгі күні елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау шаралары жөнінде әңгіме қозғалып, сөз соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.
Қазіргі таңда, үкіметтік емес ұйымдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қосар үлесі зор. Сол себепті, арнайы мониторингтік топтың басшысы А. Ізден сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 арналған стратегия аясында атқарылған шаралар мен алдағы уақытта жүктелген міндеттер туралы хабарлама жасады.
Осы кездесу аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жалпы кездесетін проблемалық мәселелер талқыланып, өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.