КООПЕРАЦИЯ-АУЫЛ БОЛАШАҒЫ!

Шарада ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметін дамыту үшін құрылым негіздері мен туындаған мәселелерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде «Ауыл шаруашылығы өнімдерін тауарлы өндіріспен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы кооперативін басқару негіздері» атты семинардың теориялық курсын оқығанын растайтын сертификаттар табыс етілді.
Семинар барысында негізінен инфрақұрылымды жеткізіп беру, жер, салықтандыру, субсидиялау және жеңілдік шарттар негізінде несиелендіру мәселелері көтеріліп, кооперация басшылары мен мүшелері, сондай-ақ ауыл әкімдері өздерін толғандырған мәселелер жөнінде толыққанды мәлімет алды.