АУДАН ӘКІМІ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ
Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев халықтың тұрмыс-тіршілігімен жақын танысу, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жай-күйін көру мақсатында ауылдық окургтерде болып, тұрғындармен жүздесті.
Кездесуге жиналған тұрғындар ауыл ішіндегі кейбір мәселелерді ортаға салды. Жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлікті дамыту, елдімекендер тұрмыс-тіршілігін көтеру бағытында ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде аудан басшысы ел үшін маңызды мәселелерді шешу жолында бірлесе жұмыс атқаратындығын жеткізді.
Сонымен қатар, аудан әкімі Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентіндегі бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарын аралады.