МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫ БҮГІННЕН БАСТА

Кездесуге университеттің Қызылорда аймақтық қашықтықтан оқыту орталығының директоры Жанар Жаналиева және студенттері Махамбет Әбілдинов, Аяжан Рамазанқызы, Аделя Қуандықова мен Анжела Пак қатысты.
Кездесу барысында лицей-интернат шәкірттеріне университеттің тыныс-тіршілігі, мемлекеттік гранттан бөлек берілетін жеңілдіктер туралы айтылды.
Лицей түлектерінің 10-15 пайызы университеттің грант иегерлері екендігін айтқан оқу орны өкілдері, шәкірттерге сапалы білім берген ұстаздарға алғыстарын білдірді.
