ЖОБА АЯСЫНДАҒЫ ҚОЛДАУ АУҚЫМЫ АРТА БЕРЕДІ
Жалағаш аудандық «Мәдени мұра» бастауыш партия ұйымы партияның саяси доктринасына сәйкес «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жұмыстар жүргізуде.
Кешенді жұмыстар мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға әлеуметтік бейімделуін көздейді.
БПҰ мүшелері мүгедектердің белсенді өмір сүруге жасалған мемлекеттік қолдаумен барынша қамтылуына баса назар аударады. Осы мақсатта кітапхана қызметкері Ұ.Боранбаева мүмкіндігі шектеулі жандар оқырман А.Тоғысов және С.Бақтыбаевтарға кітапханаға түскен жаңа кітаптар мен мерзімдік басылымдарды ай сайын апарып тұрады.
Осылайша қоғамның азаматтарға деген ортақ жауапкершілігі, өзара сенім мен көмек нығая түсті.