ҚР ЭКС-ПРЕМЬЕРІ СЕРІК АХМЕТОВ «ҮЙҚАМАҚҚА» АЛЫНДЫ
ҚР бұрынғы Премьер-Министрі Серік Ахметовке сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша айып тағылды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Агенттік Қарағанды облысы мен қаласының, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК, «Металлургия-Металл өңдеу» индустриялық паркі АЭА, «ҚазАгроФинанс» АҚ бұрынғы басшылары: Б. Әбдішев, М. Смағұлов, А.Эссе, Ғ. Рақымжанов және басқа да тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бірқатар аса ауыр қылмыстық істерді тергеуде.
Тергеу істерінің аясында сондай-ақ Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты 1958 жылы туылған Ахметов Серік Нығметұлына айып тағып, оған қатысты үйқамаққа алу бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қалған ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.