ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАЗА СЕССИЯ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ

Студенттер сарайында өткен конференцияға Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев қатысып, оқу процесіндегі академиялық тазалық және таза сессия маңыздылығына тоқталды.
Іс-шарада «Болашақ» университетінің ректоры Ө.Үмбетов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің департамент директоры Ж.Майгелдиева, Ақмешіт институтының бөлім меңгерушісі А.Бекенова баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Демеу» студенттер кәсіподағы комитетінің төрағасы Ш.Қаратайұлы Сыр елінің студент жастары атынан қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы үндеуді оқыды.
Конференция жұмысын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры А.Жүнісов қорытындылады.

