ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДЕ ӨНДІРІЛГЕН БІРҚАТАР АЛКОГОЛЬДІ ІШІМДІКТЕРІН САТУҒА ТЫЙЫМ САЛДЫ
Ресейде өндірілген бірқатар алкогольді ішімдіктерін сатуға тыйым салды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.
«Тағам қауіпсіздігінің талаптарына сәйкессіздік себебі бойынша халыққа Ресей Федерациясында өндірілген алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының аумағына өткізуге тыйым салынды: «Талка», «Империя», «Дикий гусь», «Зеленая марка «Ржаная», «Русский гарант качества», «Рублевка», «Посольская» - арақтары», делінген хабарламада.«Miller Genuine Draft», «Hoegaarden White» ақ – сыра сусындары; «Grolsch» Premium Lager»», «Brahma», «Pilsner Urguell», «Жигули» бар, жұмсақ дәмді, «Жигулевское» түпнұсқалық, «Бад», «Lowenbrau Original» түпнұсқалық – сыралары.
Комитет тұтынушылар мен кәсіпкерлерге жағымсыз сатып алуды болдырмау мақсатында көрсетілген өнімге назар аудартады.