ОБЛЫС ӘКІМІ МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

– Ернияз Омарұлы салаға басшылық жасаған тұста қалалық аурухана салынса, Базарбай Асанбайұлы типтік жобадағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының, Тұрғанбай Маханұлы теңдессіз екі ғимарат – облыстық диагностикалық орталық пен медициналық орталықтың салынуына тікелей ықпал еткен дәрігер-басшы ретінде өңір тарихында қалып отырғанын ерекше атап өткен жөн, - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, дәрігерлерді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов пен ҚР еңбек сіңірген дәрігері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Тұрғанбай Маханов құттықтады.
Сыр өңірінің денсаулық саласына қосқан зор үлесі үшін Ернияз Омаров Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, ал Базарбай Атабаев облыс әкімінің алғыс хаты мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.