ЖАЛАҒАШТА КӨМІРДЕН ТАПШЫЛЫҚ ЖОҚ
Жалағаш ауданында көмір жетіспеушілігі мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Аудан басшылығы тарапынан тұрғындарға көмір әкелуде барлық мүмкіндіктер қарастырылуда.
Аудан орталығындағы көмір қоймасына отын жеткізу жалғасуда. Кеше мұнда 7 вагон (420 тонна) қатты отын жеткізілді. Әр тоннасы 15 000 теңгеден сатылып жатыр.
Көмір қоймасындағы ұзын-сонар кезек саябырсыды.
– Тұрғындардың көмір жетпей қалады деп алаңдауына негіз жоқ, қатты отын сатылымда бар және алдағы уақытта да тұрақты түрде жеткізіліп тұрады,– дейді аудан әкімдігінің қызметкерлері.