ҚЫЗЫЛОРДАДА ДӘСТҮРЛІ ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен әуесқойлар мен мекеме қызметкерлері арасында дәстүрлі веложарыс өтті.
Сегіз шақырымға созылған жарыс дария бойындағы жаңа көпірден басталып, Тәуелсіздік даңғылы арқылы «Сыр Ана» монументінде мәресіне жетті.
Нәтижесінде ерлер арасында ардагер спортшы Берік Көпешов мәре сызығын бірінші болып кессе, «Қайсар» волейбол клубының қызметкері Қуаныш Мұстафаев екінші, әуесқой спортшы Борис Атрашкевич үшінші орындарды иеленді. Әйелдер арасында әуесқой спортшы Ғалия Қуатбаева жеңімпаз атанды.
«Ең жас қатысушы» - номинациясымен 13 жастағы Әділет Әлмахан, «Жасы үлкен қатысушы» - 55 жастағы Жанабек Әлназаров, «Белсенді қатысушы» - Мейрамбек Ерубаев марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар естелік сыйлықтар табыс етті.
Айта кетейік, екі айдан бері әр аптаның жексенбі күні өткізіліп келе жатқан айтулы шара қараша айының соңына дейін жалғасып, келесі жылдың көктемінде қайтадан бастау алады.