ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
«Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС хабарлауынша «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы арқылы қаланың алдын ала дайындалған бір бөлігінен және «Арай-2» мөлтек ауданынан әлеуметтік дүкені ашылады. Жыл аяғына дейін «Наурыз», «Саяхат» мөлтек аудандары мен Аль-Фараби көшесінің бойынан да әлеуметтік дүкен ашылады деп жоспарлануда.
«Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС директорының орынбасары Лаура Жанасбаеваның айтуынша мұнан басқа 20 дүкен салынатын болады. Оған облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлінген.
Қызылорда облысында Өӊірлік азық-түлік тауарларыныӊ тұрақтандыру қорына 2011 жылдан бастап бүгінге дейін 3 млрд теңгеден астам сомаға тамақ өнімдері сатып алынды. Ағымдағы жылы тұрақтандыру қорын толықтыру үшін облыстық бюджеттен трансферттік негізде 200 млн. Теңге бөлінді.