ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚМУ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДА
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында «80 жылдыққа 80 минуттық жаттығу» тақырыбында университет профессор-оқытушылары мен студенттерінің сенбілік сергіту сәті өтті. Оған оқу орнынан 200-ге жуық адам қатысты. Шара барысында арқан тартыс, кір тасын көтеру, жүгіру және өзге де спорт түрлерінен сайыстар өтті.
Сыр өңіріндегі 80 жылдық тарихы бар университетте үлкен жетістіктердің бастауы, толайым табыстардың жаршысы бола білген 500-ге жуық білікті профессор-оқытушылар қызмет етеді. Шара соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш іс-шара университеттің 80 жылдық мерейтойы аясында «Жұлдызды 30 күн» атты жоспар аясында көрсетілуде.