БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ ТАҢДАУДЫҢ ЖАРҚЫН НӘТИЖЕСІ
№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде «Бүкілхалықтық таңдаудың жарқын нәтижесі» атты тақырыпта жиналыс болып өтті. Аталмыш шараға мектеп директоры, орынбасарлар, аудан ұстаздары қатысты.
Шараны мектеп директоры Ә.Көшербаева ашып, өз кезегінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жарық көруі – еліміздің саяси өміріндегі елеулі оқиға екендігін айта келіп, Елбасымыз латын әліпбиіне көшу туралы жарлыққа қол қойып бекітілгендігі жайлы талқыланды.
Мұнан соң мектеп мұғалімі А.Арыстанбаева сөз алып, қазақ әліпбиінің латын қарпінде жазылуына тоқталды. Әліпбиде 9 әріп апоспрофпен берілген. Мәселен «Ә» дыбысын жазу үшін «а» ның жоғарғы жағына үтір қойылады. «О»- да үтір болса, «ө» деп оқылады. Яғни 42 әріптен 32-сі қалғандығы жайлы айтылды.
Аталмыш шара барысында мектеп мұғалімдері латын әліпбиін көшуді бүкілхалық таңдауының жарқын нәтижесі екендігін атап өтті.