«БИЗНЕС-КЕҢЕСШІНІҢ» КӨМЕГІ КӨП
Биыл 222 қазалылық «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып, 135 азамат «Бизнес-кеңесші» курсы аясында біліктіліктерін жетілдірді.
Солардың ішінде азаматтардың жалпы құны 306,4 миллион теңге болатын 59 жобасы қаржыландырылды.
Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалы іс бастауға ниетті 1095 тұрғынға мемлекеттік бағдарламалар аясында 3285 кеңес берген.
Курсқа келіп кеңес алушылардың басым көпшілігі жұмыссыз азаматтар.