"ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ": ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ДАУЫС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА
«Қазақстаннның 100 жаңа есімі» жобасына ұсынылған үміткерлерге онлайн дауыс беру жалғасуда. Бұл жобаға Қызылорда облысынан жеті үміткер қатысып отыр.
Жалпы үміткерлерге www.100esim.el.kz сайтына кіріп дауыс беруге болады. Дауыс беру 10 қарашаға дейін жалғасады.
Еліміз бойынша дауыс беруге 302 үміткер ұсынылып отыр. Олардың 45-і ғылым саласынан болса, спорттан 42 үміткер бар. Медицина бойынша 46, мәдениет саласында 37, бизнес саласы бойынша 47 адам ұсынылған. Сонымен қатар, 85 адам жалпы қоғам атынан ұсынылып отыр.
Бір адам әр саладан үш адамға дауыс бере алады. Осыған сәйкес бүгінге дейін жалпы саны 65 602 адам жоба қатысушыларына 136 238 дауыс берген.