АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҰЛТАНЫНА 156 МЫҢ ГЕКТАР СЕКСЕУІЛ ЕГІЛДІ
Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев хабарлады.
БАҚ өкілдеріне басқарманың 9 айдағы жұмысы туралы баяндаған басқарма басшысы облыс аумағында мемлекеттік орман қоры туралы айтып өтті.
Орман қорының жалпы көлемі 6,5 млн.гектар болса, соның 3 млн. гектары орманды алқаптар.
Облыс әкімдігіне қарасты 8 орман шаруашылығы мекемесі бар. 594 мың гектар жеріне орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Орман өртінің алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады
Өртке қарсы 438 шақырым жаңа, 3193 шақырым ескі өрт жолақтары жүргізілді. 2017 жылы орман шаруашылығы мекемелеріне 2 дана өрт сөндіру автокөлігі, 1 трактор, 1 су таситын автокөлік, 2 дана күзет автокөлігі алуға қаржы бөлінген.
Орман алқабын молықтыру мақсатында жыл сайын 10707 гектар сексеуіл, саялы ағаш көшеттері егілуде.
Брифингте белгілі болғандай соңғы 25 жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 156 мың гектарына сексеуіл егілген.