СӘРСЕНБІДЕ ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ БОРАН СОҒЫП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, түман түседі, көктайғақ болып, жел тұрады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с дейін жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ болады, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Павлодар облысында 15-20 м/с дейін жел күшейіп, боран соғады. Қарағанды облысында да тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.
Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түсіп, Алматы облысының жекелеген аймақтарында көктайғақ болады деген болжам бар. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде – тұман, көктайғақ, желдің ұйытқуы 15-20 м/с дейін.