ҚАРАУСЫЗ МАЛ – ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚАУІП
Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция ротасы жол-көлік оқиғасының алдын-алу, жол қозғалысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында облыс арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолдарда саптық бөлінісі қызмет атқарады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша осы жолдарда қараусыз жүрген мал көлік қозғалысына үлкен қауіп төндіріп отыр.
Жыл басынан бері 53 мал қағу дерегі орын алып, салдарынан 2 адам қаза болса, 7 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды.
Айта кететін тағы бір жәйт, апатқа себеп болған малдардың барлығының сырғалары, ендері, таңбалары жоқ.
Осыған байланысты жергілікті полиция қызметі мамандары тұрғындардан түн баласы малдарын қараусыз жібермеуді сұрайды.