КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев хабарлады.
БАҚ өкілдеріне басқарманың 9 айдағы жұмысы туралы баяндаған басқарма басшысы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды саралады.
Биыл 7 каналды тазалау, өздігінен аяқ су бармайтын елді мекендерге 8 дана насос қондырғыларын алып беруге қаржы бөлініп, соның ішінде Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс», Қызылорда қаласындағы «Бозбай» және Жаңақорған ауданы М.Нәлібаев ауылдық округіндегі «Ақжол» каналдарын тазалау жұмыстары аяқталды.