КЕЛЕШЕК ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі - рухани тәуелсіздігіміздің тұғыры» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мәдени шараны кітапхана директоры Г.Сансызбайқызы жүргізіп, мекемеде латын әліпбиіне көшудің бастамасы жасалып жатқандығын жеткізді. Елбасының игілікті идеясын қолдаған кітапхана ұжымы 2018 жылдың 1 қаңтарынан кітап көрмелерін латын графикасына көшіруді жоспарлап отыр.
Жиында бауырлас мемлекеттер жетік меңгерген латын графикасы біздің қоғамға қажет екендігі, осы жүйе арқылы әлем халықтары арасынан өз орнымызды табатынымыз жайлы айтылды.