ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗДА ОЙЛАҒАН ОЗАДЫ
Аудан шаруашылықтарының жағдайымен танысуды діттеген БАҚ өкілдері аялдаған нысанның бірі Иіркөл ауылдық округіндегі "Ертілеу" шаруа қожалығы болды.
Қожалықта жалпы жер көлемі 1122 гектар жер бар. Оның 1101 гектары жайылымдық, 21 гектары шабындық алқаптар. Кәсібінен нәсібін тауып, шаруасын шалқытып отырған қожалық иесі Бекболат Құрманаевтың айтуынша биыл қожалық 14 мың дана пішен, 3 мың дана жоңышқа және 4 мың дана сабан пресс дайындаған.
Шаруашылықта соңғы жылдары түлік түрлері де көбейіп келеді. Қазір «Ертілеуде» 221 сиыр, 345 бас қой-ешкі бар.