БАЙЛАНЫСШЫЛАР ОРТАҚ МІНДЕТКЕ ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСАДЫ
Бүгін латын әліпбиіне көшу мәселесіне орай Жаңақорған аудандық байланыс саласының қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Шарада Жаңақорған желілік техникалық цех бастығы З.Өрқараев латын әліпбиіне оралу заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін айтып, жаңа бастаманың мемлекеттік тіл аясын кеңейте түсеріне тоқталды. Әрі бұл тіліміздің коммуникациялық қолданысын да ұлғайта түседі.
Қатысушылар да мәселеге орай пікірлерін білдіріп, ортақ міндетке өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.