«НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖОЛДАУЫ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ
Елбасының биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және жаңғыртудың басты құралы ретінде баса айтылған. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Тельман Сүлейменов мәлімдеді.
Т.Сүлейменовтің пікірінше, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі тиімді жүзеге асыруға бағытталған.
Мәселен, Жолдауда шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігі айтылған. Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 млрд теңге бөлу қажет. Бұл қаржы тамақ пен химия өнеркәсібіне, машина жасау және қызмет көрсету саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету керектігін айтты Елбасы.
Осы орайда, аталған жиында сөз алған облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Т.Сүлейменов «Ұлттық қордан 100 млрд теңгені бөлу туралы шешімі кәсіперліктің жалпы ішкі өнімдегі үлесін арттыруға тамаша мүмкіндік. Бұл өңірде жаңа өндірісті іске қосып қана қоймай, қосымша жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасалатын болады», - дейді.
Фариза ОМАРОВА