КӘСІПКЕРЛЕР ФРАНЧАЙЗИНГ БОЙЫНША КЕҢЕС АЛДЫ
«KazFranch» Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығы, «Даму» Қорының Қызылорда облыстық филиалы ұйымдастырған көрмеге «Mail Boxes Etc.» компаниясы, «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы, «Жас кемеңгер» балалар дамыту орталығы, «Поехали с нами» туристік компаниясы, «Sabayon» кофеханасы, «КРЕНДЕЛЬ» кондитерлік кофеханасы, «PRESSTO» испандық химиялық тазалау компаниясы, «TEZ» жылдам дайындалатын ботқа және өзге де осы секілді ірі франчайзер компаниялар қатысты.
Форум барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен «KazFranch» Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығы арасында «Қызылорда облысында франчайзингті дамыту мақсатындағы өзара ынтымақтастық жөнінде» меморандумға қол қойылды.
Форумның негізгі бөлігі аяқталғаннан соң франчайзингтік компаниялар өкілдерімен B2B кездесулер өткізіліп, облыс кәсіпкерлеріне франчайзинг бойынша жеке консультациялық қызметтер көрсетілді.
«KazFranch» Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығының Президенті Б.Қисықов шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, алда да аймақта франчайзингті дамыту жұмыстары жалғаса беретіндігін жеткізді.