ӨМІР ЖОЛЫ САН ТАРАУ - ЕРЕН ТҰЛҒА
Арал аудандық мәдениет үйінде қоғам және мемлекет қайраткері Құдайберген Саржановтың 80 жасқа толуына орай «Өмір жолы сан тарау - ерен тұлға» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция болып өтті.
Конференцияға Арал аудандық архиві Құдайберген Саржановтың 1983-1992 жылдар аралығындағы өмірі мен қызметі туралы мәлімет беретін құжаттар мен суреттерден көрме ұйымдастырды.
Құдайберген Саржанов еңбек жолын қарапайым балықшыдан бастап салалық министрлікті басқарған азамат.
Бүгінде зейнеткерлікке шыққан қайраткер балық шаруашылығын дамыту мақсатында «Шарткен ата» қоғамдық бірлестігін құрып, Арал қаязын сақтап қалу бағытындағы бастамалардың басында жүр.