КӘСІПКЕР ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫНДАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ
Қармақшы аудандық пробация қызметі есепте тұратын азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсету барысында жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдармен бірлесіп өзара іс-қимыл жұмыстарын жүргізуде.
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен «Қорқыт елі-Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде қайырымдылық шарасы өтті. Шарада жеке кәсіпкер Р.Әшіров Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған бес отбасына және Жосалы кентінде тұратын тұрмыстық жағдайы төмен, аз қамтылған азаматтарға азық-түлік себетін табыс етті.
Іскер азамат аз қамтылған отбасы мүшелерінің мұң-мұқтажын тыңдап, алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғасын табатынын жеткізді.
Жақсыбек ЖҮНІСОВ,
Қармақшы аудандық пробация
қызметінің аға инспекторы.