ҚЫЗЫЛОРДАДА БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Облыс әкімінің өкімімен Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Т.Дүйсебаев 1973 жылы туған. Қызылорда политехникалық институтын «бухгалтер-экономист», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жалағаш аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтырушы ретінде бастаған.
1994-2004 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінің есепшісі, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлікті қолдау секторының бас маманы.
2004-2014 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
2014 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарып келді.