БЕЙБАРЫС СҰЛТАН КӨШЕСІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТТІ
Өңірлік коммуникациялар қызметі қайта жаңғыртылған Сұлтан Бейбарыс көшесіне баспасөз турын ұйымдастырды.
Осыған дейін бұл көшеде көлік кептелісі жиі болып тұратын. Осыған орай жолды кеңейту туралы шешім қабылданып, оған бюджеттен 246 млн теңге қаралды. «УАД» серіктестігі қолға алған құрылыс жұмыстары 18 қыркүйекте басталды.
– Айдан астам уақыт ішінде көшенің 1,7 шақырымы жөнделіп, жол 4 жолақты болды. Кешеді бері ашылып, көліктер жүре бастады. 5 қарашаға дейін толық пайдалануға беріледі, - деді облыстық автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов.
Бүгінде көшеде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.