ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Бүгін Сырдария ауданындағы «Мағжан и К» ЖШС ұжымында латын әрпіне көшуге байланысты жиын болып өтті.
Серіктестік директорының орынбасары М.Нұрханов бұл бастама елдің рухани жаңғыру бағытындағы ең басты саяси маңызды қадам екендігін атап өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен бекітілген жаңа әліпби арқылы болашақ ұрпақ жаһандық ақпарат кеңістігінде ғылыми технологияны жан-жақты игере алады.
Елбасы қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуі 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізілетіндігін атап көрсетті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы осы жүйелі де жоспарлы жұмыс барысында бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, сондай-ақ қажетті өзге де шаралар қабылдау керектігін қадап айтты.
Жаңа әліпби жайлы ойын білдірген ұжым мүшелері бұл рухани жаңғырудың негізгі қадамы екендігіне айрықша тоқталып, бастаманы қолдайтындықтарын жеткізді.