АЛДАҒЫ ЕКІ ЖЫЛДА 12 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ГАЗ ҚҰБЫРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес 2018-2020 жылдарға 12 жобаны (Жосалы, Сексеуіл, Қамыстыбас, Шоқай, Ақеспе, Ақсуат, Бесарық, Теренөзек АГТС-терінің құрылысы мен, Жалағаш, Жосалы, Жақсықылыш, Теренөзек елді мекендерінің квартал ішілік газ құбырларының құрылысы) республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 16,4 млрд.теңге қажет. Осыған байланысты тиісті министрлікке бюджеттік өтінімдер жолданды.