ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Балалар өнерін қолдау мақсатында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың ҮІІ облыстық өнер фестивалін ұйымдастырды.
Фестивальге барлық аудандардан және қалалық мектеп-интернаттардан ән, би, халықтық орындау, көркемсөз оқу, көркемсурет және қолөнер жанрлары бойынша 7-21 жас аралығында 200 ден астам мүмкіндігі шектеулі өнерпаз бала қатысып бақ сынады.
Облыстағы мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, олардың халық арасында кеңінен насихаттап, көмек қолын ұсыну, қолдау көрсетуді көздеген өнер фестивалі талай талапты балаға жол ашты.