ЖАҢА ӘЛІПБИ ЖАҢАРУҒА ЖОЛ АШАДЫ
Сырдария ауданындағы Шаған ауылында Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласындағы міндеттер аясында «Латын әліпбиі-мемлекеттік тіл тірегі» атты жиналыс өткізілді. «Шаған-Жер» ЖШС мүшелері қатысқан жиналыста серіктестік директоры Б.Қадіров Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен бекітілген латын әлібиінің нақты әрі түсінікті нұсқасын таныстырып өтті.
Ол ең әуелі латын ғылым мен техниканың тілі екендігін атап өтті. Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әліпбиіне көшу озық инновациялар мен технологияларға бір табан жақындатып, өркениетті елдермен байланысымызды жақсартып, экономикасы дамыған отыз елдің қатарынан орын алуға, ана тіліміздің өзіне тән әуезін сақтап қалуға оң әсерін тигізеді. Латын әрпі түбі бір туыс түркі халықтарымен рухани-мәдени жақындасуының бірден-бір жолы.
Жиын қорытындысында ұжым мүшелері жаңа әліпбидің жаңаруға жол ашатынын айтып, оған көшуге байланысты жүзеге асатын жұмыстарға қолдау танытатындықтарын айтты.