АРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТ КӨМЕГІМЕН ЖИҺАЗ ЦЕХЫН АШТЫ
Компьютерлік бағдарламалар саласында өз жұмысын жақында бастаған жас компания "Линдир" ЖШС-і "БанкЦентрКредит" АҚ-нан бастауыш кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Даму Start-Up» бағдарламасы арқылы несие рәсімдеу үшін Даму Қорының 50% кепілдендіруіне қол жеткізді. "Линдир" ЖШС-і ашылған аз уақыттан бері компания құрылтайшылары Анатолий Гуринов және Жарқын Сепбосыновтардың басшылығымен өздерін сенімді серіктес және дамуға нық қадам басқан компания ретінде көрсетті. Компания компьютерлік бағдарламалар енгізу мен сервистік қызмет көрсету саласында, сондай-ақ Қызылорда облысының көлік компанияларына GPS -мониторинг орнатумен айналысады. Мемлекет қолдауы арқылы несие қаражатына "Линдир" ЖШС-і автокөлік және қызмет көрсету ауқымын кеңейтуге арналған қондырғы сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жобаның жүзеге асуы барысында тағы 3 жаңа жұмыс орны ашылады.
Арал ауданының жеке кәсіпкері Жансерік Нысанбаев Даму Қорының 50% кепілідігін пайдалана отырып, "Қазақстан Халық банкі" АҚ--нан несие алды. Несие қаражатына өзінің жиһаз жасау цехына қажетті жаңа құрал-жабдықтар мен шикізат сатып алуды көздейді. Кәсіпкердің сөзінше, аудан халқы тарапынан цехта жасалған жиһаздар мен есіктерге сұраныстар көптеп түседі, алайда тапсырыстың барлығын қамтуға кәсіпорын қуаты жеткіліксіз болды. Осыны ойлай келе, кәсіпкер мемлекет қолдауын пайдалана отырып, бизнесін кеңейтуге қажетті құрылғыларды сатып алуды ойлады. Қазіргі таңда Аралдық компанияда 7 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған, құрал-жабдықтар сатып алған соң тағы да 4 жаңа жұмыс орны ашылмақшы. "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында "Линдир" ЖШС-і және ЖК Нысанбаевтың несие пайыздары 7-ге дейін төмендеді.