БІЛІМНІҢ ӘЛЕМДІК АЙДЫНЫНА ЖОЛ АШЫЛДЫ
Әліпби ауыстыру ісі ешбір саланы айналып өтпейді. Дүниеге келген баладан, еңкейіп өтіп бара жатқан ұрпаққа дейін әліпби ауыстырудың өзектілігін де, қажеттігін де көріп отыр. Өнеріміз де, өміріміз де тілімізге тәуелді.
Әрине, әліпби ауыстыру тарихи жауапкершілік. Бұл ел өміріндегі елеулі үдеріс. Әліпби ауыстыру мамандығымызға да шығармашылығымызға да өлшеусіз өзгерісін әкеледі. Бұл білімнің, мәдениеттің әлемдік айдынына шығуға орасан септігін тигізеді. Бұл ұлы өзгеріс болашақ үшін керек, кейінгі ұрпағымыздың әлемдік қауымдастыққа оңай сіңіп кетуі үшін де қажет. Сондықтан Елбасы қабылдаған шешімді тарихи ұйғарым деп есептеймін.
Есенжол НАЗАРОВ,
«Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбасары